Аймақтар
1 мин оқу 250
Тараздық кәсіпкер медициналық маскаларды тегін таратты
<p>Тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасының ұжымы мыңнан астам медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратты.</p>

Таратылған маскаларды жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады.
- Мен Жамбыл облысындағы тігін фабрикасының иелерін осындай істі жалғастыруға шақырамын. Коронавирусқа қарсы күресу, ұлт қауіпсіздігін сақтау - бәрімізге ортақ міндет. Осындайда әрбір кәсіпкер жауапкершілікті сезінуі тиіс, - дейді «Асыл-Ай» тігін фабрикасының басшысы Алима Садықова.
Аталған тігін шеберханасы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы 30-дан астам мектепті қамтамасыз етіп отыр.
Бөлісу: