Тараздық полицейлер 50-ге жуық арша көшетін екті
<p style="text-align: justify;">Бүгін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласының Полиция басқармасында тәлімгерлер кеңесінің бастамасымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандар тал отырғызды.</p>

Қала көркін арттыру әрі жастарды еңбекке баулу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны Тараз қаласы Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция подполковнигі Базархан Қойбақов ашып, полицейлерді жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтады. Әрдайым елдің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі.
Аталған іс-шара аясында сала ардагерлері мен жас мамандар және олардың тәлімгерлері 50-ге жуық арша талының көшетін отырғызып, көктем мерекесіне орай көне шаһарды көркейтуге өз үлестерін қосты.

Жамбыл облысы