Аймақтар
1 мин оқу 900
Елордалық өнерпаз балконда тұрып, домбырамен ән шырқады
<p>Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілуіне байланысты ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін елордалық тұрғындар үйлерінде тойлап жатыр. Дегенмен, қандай жағдай болса да, ештеңеге қарамастан қала тұрғындары мерекені жоғары деңгейде атап өтуге тырысуда. </p>

Елордалық өнерпаз тұрғын үй кешенінің балконына шығып, домбырамен «Жүгіріп шықтым белеске» атты халық әнін орындады. Кешенде тұратын өзге тұрғындар терезеден тамашалап, әлеуметтік желілерде бейнежазбасын жариялаған.
Бөлісу: