Аймақтар
1 мин оқу 170
Екібастұзда бірнеше қабатты маскалар тігілуде
<p style="text-align: justify;">Екібастұзда кәсіпкер Гүлперизат Өтебаеваның тігін үйі негізінен ұлттық киімдер тігумен айналысады. Қыз ұзату тойына арналған қоржындар, әшекейлер, жасайды.</p>

Ол «Бастау» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Осыдан бес жыл бұрын арнайы курста оқып, бизнесті дамытуға грант алады.
- Қазір коронавирустық инфекцияға байланысты қажеттілігі байқалған соң, маска тігуді бастап кеттік. Өндірісті қала болғандықтан, кәсіпорындардан да тапсырыстар көптеп түсуде, - дейді кәсіпкер.
Қазір тігін цехында 6 әйел жұмыс істейді. Күніне 300 дана бірнеше қабатты маска тігеді. Ересек адамға бір маска 300 теңге, ал балалар үшін - 250 теңге. Оларды көп рет қолдануға, жууға және үтіктеуге де болады.
Павлодар облысы
Бөлісу: