Қоғам
1 мин оқу 155

Алматы полициясы бүгін арнайы көліктерін іске қосты

<p style="text-align: justify;">Бірнеше көлік құралы қала маңын аралап карантиннің шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, &ndash; деп хабарлайды бүгін Polisia.kz.</p>

Алматы полициясы бүгін арнайы көліктерін іске қосты

Алматы қаласының полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс зорайтқыш байланыс арқылы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.     

– Ірі блокпостарда дауыс күшейткіштер жұмыс істейді, олардың көмегімен азаматтар жеке қауіпсіздік шаралары және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау туралы, жүк көлігінің блокпосты арқылы өту үшін қажетті құжаттар тізбесі туралы, төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін және билік өкілдеріне бағынбағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы, сондай-ақ азаматтар қалаға сыйақы үшін жол жүруге уәде берген адамдардың заңсыз әрекеттері туралы хабарлай алатын кері байланыс арналары туралы ақпараттандырылады, – дейді қалалық полиция департаменті.

Бөлісу:
Алматы полициясы бүгін арнайы көліктерін іске қосты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар