Қоғам
1 мин оқу 274

Тәркіленген 3 млн бетперде медициналық және профилактикалық мекемелерге бөлінді

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдардың алаяқтық жолмен саудаға түсуін, сондай-ақ негізсіз қымбатқа сату фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде Алматыда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін тиісті құжаты жоқ азаматтар бетперделерді үстеме бағамен сату барсыныда қолға түсті.

Тәркіленген 3 млн бетперде медициналық және профилактикалық мекемелерге бөлінді

Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасы негізінде тәркіленген медициналық бетперделер дереу қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасына берілді.

Тәркіленген 3 млн бетперде санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтілген режимде жүзеге асырып жатқан қаладағы барлық медициналық ұйымдарға бөлініп беріледі.

2 миллионнан астам медициналық бетперделер қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының медициналық қызметкерлеріне берілді. Бүгінде олар провизорлық стационарлар мен изоляторларда,сондай-ақ үй стационарындағы адамдарға медициналық бақылау жүргізуде.

Қалған жеке қорғану құралдары эпидемиологтарға, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, Ішкі істер, ТЖ, Ұлттық гвардия және т.б. департаменттердің қызметкерлеріне үлестірілді.

Сонымен қатар, бетперделер Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлеріне де таратылды. Өйткені олар тәулік бойы 1308 нөмірі бойынша тұрғындарға барлық мәселелер жөнінде, соның ішінде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет бойынша кеңес беруде.

Рейдтік іс-шаралар кезінде 16 тонна спирт те тәркіленді. Стерильдеу кезінде дезинфекциялау құралы ретінде пайдалануға жарамды бұл спирт медициналық ұйымдарға бөлінді.

Бөлісу:
Тәркіленген 3 млн бетперде медициналық және профилактикалық мекемелерге бөлінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар