Аймақтар
1 мин оқу 206

Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяуда пандемияны ауыздықтау үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шараларға қосымша республикалық қор құру туралы ұсынысына Қостанай облысындағы іргелі кәсіпорындар қолдау білдіруде. Аймақта індетке қарсы &laquo;Densaylyq Qostanai&raquo; қоры құрылып, оған елдегі ахуалға бейжай қарай алмайтын елжанды азаматтар, жеке кәсіпкерлер қаржы аудара бастаған.</p>

Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды

Игі бастамаға енді іргелі кәсіпорындар қосылды. Мәселен, «Варваринск» АҚ мен «Комаров тау-кен кәсіпорны» серіктестігі қорға 20 млн теңге аударып отыр. Кәсіпорынның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Антон Трухановтың айтуынша, бұл қаржы індеттің алдын алу шараларына, сондай-ақ, дезинфекциялық құралдар мен медициналық маска алуға жұмсалады. Кәсіпорын бұған дейін де Бейімбет Майлин ауданындағы мемлекеттік қызметшілерге медициналық маска тігу үшін «Большевичка» тігін фабрикасына 1 млн теңге аударған. 

Бүгінде Қостанай облысында короновирус індетін жұқтырғандар жоқ. Қазір облыста 40 адам госпитальда жатыр. 196 адам – үй карантинінде.  Эпидемиялық ахуал тұрақты.   

 

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда Densaylyq Qostanai қоры құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар