Әлем
1 мин оқу 173

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 44 адам тіркелді

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанда 25 наурыз 14:00-дегі жағдай бойынша 44 адамнан коронавирус табылған. Бұл туралы үкімет үйіндегі брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматова айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.</p>

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 44 адам тіркелді

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Бірі – 1960 жылғы ер адам, Бішкек қаласында. Ол Испаниядан келген адамнан жұқтырып алған. Екінші жағдай – 1985 жылғы ер адам. Шу облысы Мәскеу ауданының тұрғыны, ол 20 наурызда Дубайдан келген. Сондай-ақ, ол Испаниядан келген адамның қайта ұшып кеткенін атап өтті. «Қазіргі уақытта елде 44 адам коронавирусқа шалдықты, соның ішінде: Ош облысында - 22 жағдай, Джалал-Абад облысында – 19, Бішкекте – 3, Шу облысында – 1, Баткен облысында – 1. Барлығы - 44 жағдай», - деп хабарлады А. Акматова.

Бөлісу: