Қоғам
1 мин оқу 190

Қазақстанда күніне 850 мың бетперде тігіледі - Дәурен Абаев

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігілуде. Бұл туралы &laquo;Хабар 24&raquo; телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.</p>

Қазақстанда күніне 850 мың бетперде тігіледі - Дәурен Абаев

«Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігіліп жатыр. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерге таратуда. Масканы фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігуде»,- деді Дәурен Абаев. Министрдің дерегінше, қазір елімізде 70 тігін цехы маска тігіп жатыр. «Айта кететін мәселе – маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі бұл - медициналық тауар емес және техникалық регламентпен реттелмейді», - деді ол.

Бөлісу: