Жаңалықтар
1 мин оқу 283
Қазанда қазақтарды оқиды


Қазан қаласында қазақтың біртуар ақындары Мағжан Жұмабаев пен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы жарық көрді. Қалың оқырманға жол тартқан Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» деп аталатын өлеңдер жинағының таралымы – 1000 дана. Оны татар тіліне аударғандар – Нури Арсланов, Мөдәррис Әгьләм, Флера Тарханова, Рәдиф Гаташ. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы 500 данамен жарық көрген. Бұл жинақты ақын, бірнеше кітаптың авторы Назилә Усманова-Юсимова аударған. Бұйырса, татар оқырмандары көп кешікпей Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерімен де сусындайтын болады.
Рафхат ХАЛЕЛОВ.
Суретті түсірген автор.
Қазан-Орал.
Бөлісу: