Әлем
1 мин оқу 205

РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беру кейінге ауыстырылды

<p style="text-align: justify;">Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин коронавирус инфекциясының таралуына байланысты РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беруді кейінірек датаға ауыстырды. Бұл туралы Ресей Президенті халыққа арнаған телеүндеуінде айтты.</p>

РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беру кейінге ауыстырылды

«Алдын ала датасы 22 сәуірге белгіленген Конституцияға түзетулер бойынша жалпыресейлік дауыс беруді ұйымдастыру бойынша мәселелердің туындайтындығы сөзсіз. Бұл мәселеге қаншалықты байыппен қарайтынымды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Әрине, еліміз үшін, қоғамымыз үшін түгейлі әрі басты мәселеге қатысты өздеріңіздің пікірлерлеріңізді келіп білдіруді сұрайтын болады. Дегенмен, бұған дейін айтқанымдай, біз үшін адамдардың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі, сөзсіз, басымдық саналады. Сондықтан да дауыс беруді барынша кейінірек датаға ауыстыру қажет деп санаймын. Өңірлердегі, жалпы елдегі ахуалдың қалай дамитындығын бағалаймыз және дәрігерлердің мамандардың кәсіби пікірлері мен ұсыныстарына арқа сүйей отырып, дауыс берудің жаңа күні жайында шешім қабылдаймыз» деді В.Путин Ресей халқына арнаған телеүндеуінде.

Бөлісу:
РФ Конституциясына түзетулер бойынша дауыс беру кейінге ауыстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар