Президент
1 мин оқу 320

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты

<p style="text-align: justify;">Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды.</p>

Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Президент коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.

«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!» деді Президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.

Бөлісу:
Мемлекет басшысы елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда екенін айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар