Саясат
2 мин оқу 314

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

<p style="text-align: justify;">&laquo;Атамекен&raquo; Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.</p>

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 16 нау­­­­рызда арнайы жедел штаб құрды.  Оған 3 күн ішінде 6 мыңға жуық өтініш түс­кен. Елдегі жағдайға байланысты компаниялар жұмысшы­ларын қыс­қартуға мәжбүр. Кәсіпкерлер шикі­зат­тың жетіспеушілігінен әрі күрт қым­бат­тауынан зардап шегіп отыр. Соған орай Үкіметтен ғимарат және жер жалдау ақысын төлеу мерзімін ұзартуды, салықтан уақытша босатуды сұрайды.

– Бұл қиындықтардың дені шека­ра­н­ың жабылуы мен арнайы қауіпсіздік ша­­ра­­ларын енгізу салдарынан туындап отыр. Жалпы өтініш жіберген компа­ния­­лар­­дың 85 пайызы – шағын бизнес, 13 па­­йызы – орта бизнес, 2 пайызы – ірі биз­­нес өкіл­дері. Өтініш жасаған компа­ния­­лар­дың жар­тысы Нұр-Сұлтан мен Ал­ма­ты қалалары­на тиесілі, – дейді Н.Бөкейханов.

Кәсіпкерлердің 60 пайызы  қаржылай қиындыққа тап болған. Сондықтан кәсіпорындар еңбек ресурстарын сақ­тауға өтемақы беруді сұрап отыр.

– Айтылған ұсыныстар мемлекеттік орган­дарға жіберілді. Олармен арнайы шара­лар жүргізіліп жатыр. Ең бірінші қол­данылатын шара – кәсіпкерлерді салықтан босату. Алдағы жаңалықтарды кәсіпкерлер atameken.kz порталынан біле алады, – деді Ш.Темір. Оның айтуынша, кейбір банкте тұтынушыларына жеңілдіктер жасаған. Олардың несие бойынша міндеттемелерін 90 күнге кейін шегеріпті. Бүгінде бұл жұмыстарды басқа да банктер қолға алуда.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық кә­­­­сіп­­­керлер палатасы толықтай онлайн ре­­­­жім­ге көшті. Соған сай кәсіпкерлерге ар­­­­­на­йы call-центр ұйымдастырған. Кез кел­­­­­ген кәсіпкер 1432 нөміріне хабар­ла­­сып, кө­­кей­­дегі сұрақтарына жауап ала алады.

Бөлісу:
Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар