Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді
<p style="text-align: justify;">Бүгін Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында Қазақстан азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. </p>

«Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады. Ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
СІМ өкілінің айтуынша, жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылдың 14 қазанынан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ.