Коронавирус
1 мин оқу 2,492

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті

<p style="text-align: justify;">Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, жалпы 97 науқас тіркелді.

Айта кетейік, кеше, 25 наурыз күні елімізде алғашқы екі науқас айықты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгін олардың ауруханадан шығатынын жеткізген болатын.

 
Бөлісу:
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97-ге жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар