Коронавирус
1 мин оқу 171
Түркияда коронавирустан тағы 15 адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Түркияда соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны 561-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.</p>
Министрдің айтуынша, 26 наурыз күні індет жұқтырудың жаңа 561 оқиғасы тіркелді. Осылайша елдегі вирус жұқтырғандар саны 2433-ке жетті.
«Соңғы тәулікте 5035 тест жасалды. Оның 561-і оң нәтиже көрсетті. Жалпы елде 2433 адам вирус жұқтырды, көз жұмғандар саны 59-ға жетті» деп жазды Фахреттин Коджа.
Бөлісу: