Аймақтар
1 мин оқу 753
Қызылорда: Айыппұл да салынды, қамауға да алынды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайға байланысты Қызылордада жергілікті полиция басқармасы мен қалалық прокуратура мамандары бірлесе отырып рейд жүргізуде.</p>

Оның барысында белгіленген заң талаптарын бұзған дәмхана мен мейрамхана, букмекерлік кеңсе және компьютерлік клуб иелері анықталды.
Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 17 әкімшілік іс сот құзырымен онлайн режимінде қаралып, оның ішінде 13 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, 4 азаматқа сот шешімімен әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылды.
Бөлісу: