Үш қалаға қатысты шектеулер коменданттық сағат емес - Дәурен Абаев
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үш қаладағы шектеу шаралары жайында айтты. </span></p>

«Вирустың ел ішінде тарауы өсіп келе жатыр. 28 наурыздан бастап республикалық маңызы бар үш қалада жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бүгін Үкімет жариялаған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты шектеулер – коменданттық сағат емес. Бірақ ол талаптарды қатаң сақтау керек», - деді Дәурен Абаев.
Бұдан соң, ол оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керектігін айтты.
«Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпарат береді. Бұл жағдай коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді Д.Абаев.