Президент
1 мин оқу 373

Президент індеттен көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирустан қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.&nbsp;</p>

Президент індеттен көз жұмған әйелдің туыстарына көңіл айтты

- 64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, - деп жазды Президент.

Бөлісу: