Аймақтар
1 мин оқу 380

Оралда 12 кәсіпкер төтенше жағдай режимін бұзған

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында көңіл көтеру орындары мен минимаркет иелері Қазақстан Республикасының төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.</p>

Оралда 12 кәсіпкер төтенше жағдай режимін бұзған

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты уәкілетті органдар өкілдерінен құралған комиссия Орал қаласында ойын-сауық ғимараттары мен дүкендерін төтенше жағдай талаптарының сақталуын тексерді.

- Әлемді жайлаған індетке байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, салынған тыйымдарға қарамастан, кей азаматтар өз қызметкерлеріне де, басқа халыққа да вирус жұқтыру қаупін төндіріп, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды, - дейді Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Мәселен тек 24-25 наурыз күндері Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 12 істі қараған.

Сөйтіп, сот шешімімен 2 әйел, 6 ер адам 3 күннен 10 күнге дейін әкімшілік қамауға алынған. Ал қалған 4 тұлға отбасы жағдайы байланысты қамаудан босатылып, 10 айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынды.

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 2 бұйрығына сәйкес ауданы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының жұмысы таңертеңгі сағат 9.00.-ден кешкі 21.00.-ге дейін ғана болуы тиіс. Бұл жөнінде өңірдегі барлық интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Батыс Қазақстан

Бөлісу:
Оралда 12 кәсіпкер төтенше жағдай режимін бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар