Аймақтар
1 мин оқу 220
Қарағандыда жастар автобус жүргізушілеріне маска таратты
<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының өкілдері және еріктілер көшеде жүрген адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маскалар таратты.</p>

Бұл бетперделерді Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері тіккен болатын.
– Мұны біз істемегенде кім істейді, – дейді жастар. – Біз көшеде кездескен адамдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілеріне де маска тараттық. Себебі, олар күн сайын көптеген адамдармен байланыста болады ғой.
Қарағанды облысы
Бөлісу: