Аймақтар
1 мин оқу 200

Көкшетауда қала көшелері тазартылуда

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығында коронавирус індетінің алдын-алу мақсатында барлық сақтық шаралары жасалуда. Көпшілік &nbsp;жүретін&nbsp; орындар&nbsp; дезинфекцияланды.</p>

Көкшетауда қала көшелері тазартылуда

Қала әкімдігі жанындағы  «Көкше-ветсервис» коммуналдық мекемесі дезинфекциялау шараларын наурыздың 17-сінен бастаған. Олар бүгінге дейін облыс орталығындағы 253  аялдаманы залалсыздандырды. 

– Көкшетау қаласының қырықтан астам аялдамасын бір күнде дезинфекциялаймыз. Жұмысты сапалы жүргізу үшін дезинфекциялауға қажетті барлық заттар бар. Техникамыз сай, – дейді «Көкше-ветсервис» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркін Есілбаев.

Қалада көпқабатты 890 тұрғын үй кешені бар. Көкшетаудағы жеке пәтер иелері кооперативтері де подъездерді залалсыздандыруда. Ал қала ішіндегі тас жолдарды дезинфекциялау шаралары тиісті құрал-жабдықтар сатып алынған соң жүргізіледі. 

КӨКШЕТАУ

 

Бөлісу:
Көкшетауда қала көшелері тазартылуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар