COVID-19 Акунинді де айналдырды
<p style="text-align: justify;">COVID-19 коронавирусын жұқтырып алған танымал адамдар өз жағдайлары туралы түрлі әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр. Солардың бірі ресейлік жазушы, сценарист, аудармашы Борис Акунин де өзінің ауруы туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде бөлісті.</p>

Қаламгер өзінің жағдайы туралы дәрігерлердің жақын арада айтып беретінін жазған. Ол оқырмандарын сабырға шақырып отыр. Акуниннің пікірінше, вирустың өзінен гөрі адамдардың вирус жайлы қауіп-қатер мен үрейге толы ой-сезімдері он есе күштірек. Сондықтан ол оқырмандарына ең алдымен сабыр сақтап, өздері мен жақындарын барынша қорғауды айтты.
Борис Акунин - жазушының псевдонимі. Григорий Чхартишвили оның алдында Анна Борисова, Анатолий Брусникин деген әдеби псевдонимдерді пайдаланғаны белгілі. Оны көпшілікке танымал еткен шығармалар – «Стат кеңесшісі» және «Түрік гамбиті».
Ресей Қырымды алмақ болғанда зиялы қауым өкілдерінің ішінде алғашқылардың қатарында қарсылық білдірген еді. Жазушы қазір Францияда тұрады.