Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Ақтөбе қаласы тазалығын бейне бақылау қадағалайды

Видеонаблюдение

Ақтөбе қаласы көшелері тазалығын бейне бақылау қадағалайды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейне қадағалау қондырғысы таспасына түскен тәртіп бұзушылардан жарты жыл ішінде мемлекет қазынасына 1184736 теңге айыппұл түсті. Жалпы, қала тазалығын сақтау үшін көшелерге 59 бейне бақылау жабдығы орнатылған. Алдағы уақытта тағы 9-ы орнатылатын болады.

Сатыбалды Сәуірбай,

Ақтөбе облысы.

  

Бөлісу:
Ақтөбе қаласы тазалығын бейне бақылау қадағалайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар