Аймақтар
1 мин оқу 806
Қазалыда той жасаған тұрғын қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">Қазалыда аудан тұрғындарына елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде адам көп жиналатын жерлерге бармау, той-жиындар өткізбеу жөнінде түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бұл бағытта мобильдік топ мүшелері тұрғындарға жаңа талап жайлы айтып, тәртіпті бұзғандарды да анықтауда.</p>

Мысалы, 25 наурызда ауласына той жасаған Әйтеке би кентінің тұрғыны аудандық сот шешімімен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды. Оған қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша іс қозғалып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, 23 наурыз күні «Наурыз» мейрамханасында қыз ұзату тойын жасаған тұрғынға да әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.
Бөлісу: