Аймақтар
1 мин оқу 863

Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов хабарлады.</p>

Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған

Аталған азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен. 

 - Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, - деді Сүлен Ілиясов.

Айта кету керек, ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған. Елорда іргесіндегі Қосшы ауылы қазір аурудың ошағына айналып отыр.

Бөлісу:
Қосшы ауылында бір отбасындағы үш адам коронавирус жұқтырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар