Аймақтар
1 мин оқу 164
Нұр-Сұлтанда волонтерлер 3,2 мың азық-түлік себетін таратты
<p style="text-align: justify;">Елорданың белсенді волонтерлері карантинге қарамастан көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себетін тарату акциясын жалғастыруда деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы Nur Otan партиясы мен Jas Otan ЖҚ еріктілерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына қажетті азық-түлік тауарлары мен гигиеналық құралдар (медициналық маска, антисептикалық құралдар) таратуды жалғастыруда. Бүгінге дейін 3 200-ден астам себет үлестірілген. Жалпылай алғанда, азық-түлік себеттерінің шамамен 5 мыңы таратылады деп жоспарлануда.
Бөлісу: