Әлем
1 мин оқу 640

АҚШ-та бір тәулік ішінде 20 мың адам вирус жұқтырды

<p style="text-align: justify;">worldometers.info сайтының мәліметтері бойынша,&nbsp; 29 наурызда әлемде&nbsp; Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 663 мың жағдайы тіркелді. Оның 142 мыңы сауығып, 30 мыңнан астамы көз жұмды.</p>

Коронавирус АҚШ-та өте жоғары жылдамдықпен таралуда: өткен тәулік ішінде ресми түрде 19,5 мың жаңа жұқтыру оқиғасы анықталды. Мұндай қарқынмен ауру әлемнің ешбір елінде таралмаған болатын.

Айта кету керек, АҚШ-та карантин енгізілген жоқ. Статистика бойынша, Нью-Йорк штатында әрбір 17 минут сайын коронавирус жұқтырған адам қайтыс болғанына қарамастан, бұл қалада да қозғалысқа ешқандай шектеу қойылмады.

ккк

Италия, Испания, Франция және Германияда күн сайын 5-6 мың адам вирус жұқтырады. Италия мен Испанияда тәулігіне 800-900 адам індеттің құрбанына айналып жатыр. Германия науқастардың саны бойынша бесінші орында тұрғанына қарамастан салыстырмалы түрде қайтыс болғандар саны  аз. 

Қытай мен Оңтүстік Кореяда жағдай тұрақты:  өткен тәулікте Қытайда 3 адам, Кореяда 5 адам қаза тапты.

Үндістан билігі жаппай карантин жариялаған. Қазір бұл елде науқастар саны 1000-ға жетті.

Бөлісу: