Әлем
1 мин оқу 210

30 наурыздан бастап Өзбекстанда көлікпен жүруге шектеу қойылады

<p style="text-align: justify;">Ташкентте, Нүкүсте және басқа өңірлер арасында көлікпен жүруге тыйым салынады. Бұл туралы&nbsp;<a href="https://www.gazeta.uz/ru/2020/03/29/transport/">gazeta.uz </a>хабарлады.</p>

30 наурыздан бастап Өзбекстанда көлікпен жүруге шектеу қойылады

Қалада рұқсатсыз жүре алатын көліктер тізіміне мыналар кіреді:

тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатумен айналысатын ұйымдар, сондай-ақ осы ұйымдарда тұрақты негізде жұмыс істейтін адамдардың жеке көлігі;

тек дипломатиялық, коммуналдық қызмет көрсететін көлік құралдары;

медициналық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін;

ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін көліктер;

медициналық мекемелерге және олардан жедел медициналық көмекке (жүктілік, өмірге қауіп төндірген дене жарақаттары) мұқтаж адамдарды әкелген көліктер;

қалалық және аудандық әкімшілік басшылары, олардың орынбасарларының автомобильдері, жерлеу көліктері, жедел және медициналық көмек машиналары;

патрульдік авто, пошта қызметі және азық-түлікті курьерлік жеткізу көліктері, сондай-ақ коммерциялық банк автомобильдері кіреді.

Бөлісу: