Әлем
1 мин оқу 210
Қазақстандықтар Литвадан елге оралып жатыр
<p style="text-align: justify;">28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент Минскіге, содан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыға аман-есен ұшып шықты. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Аталған бағыт «Белавиа» әуекомпаниясымен орындалатын, Отанымызға оралудың бірнеше бағыттарының бірі болып табылады.
Наурыз айының ортасынан бастап халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері Елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер және т.б. бар.
Бөлісу: