Аймақтар
1 мин оқу 260
Елордадағы №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;">Аталмыш емханада ЖРВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.</p>
«2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл емхана базасында жедел респираторлы вирустық инфекциялары бар пациенттерді қабылдау үшін обсерваториялық емхана ашылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек қана №2 қалалық емханада қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі», деді Б. Мәкен.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары мұндай қиын кезеңде түсіністік танытып, медицина қызметкерлерінің нұсқауларын бұлжытпай орындау қажеттігін ескертті.
Бөлісу: