Аймақтар
1 мин оқу 390

Атырауда №3 емхананың жұмыс істеу режимі өзгерді

<p style="text-align: justify;">Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған осы емханада жұмыс істейтін медициналық қызметкердің індетті жұқтыруы себеп болып отыр. &nbsp;Медбике 17 наурызда &laquo;Алматы-Атырау&raquo; бағытымен &nbsp;келген қыздан қан сынамасын алған. Бүгін оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны &nbsp;расталды.&nbsp;</p>

Атырауда №3 емхананың жұмыс істеу режимі өзгерді

«Коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес,  енді №3 қалалық емхана 30 наурыздан  қашықтан жұмыс істейтін болды.  Медициналық мекемеге   жаппай  дезинфекциялау  жұмыстары жүргізіледі. 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Бөлісу:
Атырауда №3 емхананың жұмыс істеу режимі өзгерді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар