Аймақтар
1 мин оқу 281
Қызылорда: Кәсіпкерлер жауапқа тартылды
<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай басталғаны бері облыс аумағындағы 303 дәмхана мен мейрамхана тексеріліп, төтенше жағдай режимін бұзған 56 кәсіпкер жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.</p>

Осы әкімшілік істің 37-сі сотта онлайн-режимінде қаралып, 23 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, 14 тұрғын әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар халық арасында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан 6 адам анықталды. Олар ұсталып, аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бөлісу: