Қазақстан
1 мин оқу 190

Отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды

<p style="text-align: justify;">Президентінің &laquo;Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы&raquo; Жарлығын орындау мақсатында Энергетика министрлігі наурыздың 25-де көмірсутекті жəне уран шикізатын барлау мен өндіру бағытында пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды, сондай-ақ қызметтерді сатып алу ережесіне өзгеріс енгізді. Аталған шешім отандық жер қойнауын пайдаланушыларды қолдауға бағытталған. Бұл туралы &laquo;Атамекен&raquo; ҰКП хабарлады</p>

Отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды

Осылайша жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері CT-KZ сертификаты немесе Индустриялық сертификатпен расталған Қазақстанда жасалған тауар, жұмыс және қызметтерді байқау өткізбей бір көзден сатып алуға құқылы.  Бұл өзгеріс жақын күндері Энергетика министрлігінің 25 наурыздағы №110 бұйрығының жариялануынан кейін күшіне енеді. Дəл осындай жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты пайдалы қазбалар сегментінде жүргізіп жатыр. Тиісті бұйрық жақын арада қабылданады деп күтілуде.

Бөлісу:
Отандық өндірушілерді қолдауға бағытталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар