Қоғам
1 мин оқу 270

Nur Otan партиясы 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетті

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған &laquo;Біз біргеміз&raquo; акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда.&nbsp;Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Nur Otan партиясы 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетті

Бүгінгі күні 18 мыңдай отбасыға, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және басқаларына көмек көрсетілді.

1

Мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарларды байланыссыз жеткізіп беруді тоқтатпау үшін елорда мен Алматыда волонтерларымызды биологиялық қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етудеміз. Мұндай қорғаныс құралдары басқа қалалардағы волонтерларда да болуы тиіс.

2

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Nur Otan осыған дейін партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейткен еді.

Nur Otan партиясы мұның азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғаларға қатысты айтылып отырғанын түсіндірді.

О

Баспасөз-қызметінің мәліметінше, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін бұдан бөлек Call-орталық пен Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларындағы онлайн-жүйелердің жұмысы күшейтілді.

Бөлісу:
Nur Otan партиясы 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар