Аймақтар
1 мин оқу 180
1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтанда барлық әуе рейстері тоқтатылады
<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 1 сәуір сағат 00:00 - ден бастап Нұр-Сұлтан қаласына барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің келуі тоқтатылатын болады. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың қаулысында айтылған.</p>
«2020 жылғы 1 сәуір сағат 00.00-ден бастап барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар авиарейстерінің Нұр – Сұлтан халықаралық әуежайы мен Алматы халықаралық әуежайына ұшып келуі ерекше өкімге дейін тоқтатылсын», - делінген қаулыда. Халықаралық жолаушы әуе рейстері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанның басқа қалаларына бағытталады.
Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін енгізіледі.
Бөлісу: