Қаржы
1 мин оқу 190

Кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге аударды

<p style="text-align: justify;">Коронавирусқа қарсы күресті күшейту мен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты, &laquo;Бөрте милка&raquo; ЖШС директоры Нұралы Әбіш арнайы қорға 5 миллион теңге аударды.</p>

Кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге аударды

Оның айтуынша  көпшілік қауым ел үкіметі тарапынан қолға алынып отырған шектеулер мен сақтану шараларына барынша қолдау білдіріп, түсіністік танытып, барлық талаптарды орындауға тиіс. Сондай-ақ жалған ақпараттарға сенбей, ел ішінде үрей туғызбауға, жұртты сабырға шақырып, ынтымақ, бірлікке ұйыстыра білу аса маңызды. Әлемге қауіп төндіріп тұрған індетпен күрес жүргізу – тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау мамандарының ғана емес, бүкіл қазақ қоғамының міндеті екенін айтады кәсіпкер.

Ол өзі басқаратын серіктестік атынан 100 отбасыға сүттен жасалған өнімдермен демеушілік көрсетіп отыр.

Бөлісу:
Кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 млн теңге аударды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар