Білім
1 мин оқу 400

Қазақ радиосы да қашықтан оқытуға атсалысады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы&nbsp;Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте хабарлады. Бұған дейін біз мұғалімдердің телеарналар арқылы сабақ беретінін <a href="https://egemen.kz/article/225009-oqushylar-telearnalardan-sabaq-oqidy">жазғанбыз</a>.</p>

Қазақ радиосы да қашықтан оқытуға атсалысады

Міне, енді келер жылы 100 жылдығын атап өтетін Қазақ радиосы да балаларға қашықтан білім беру жүгін бірге еңсермек. 

– Соңғы тоқсанның білім бағдарламасын қамту үшін 3 мыңнан аса сабақ түсіруге тиіспіз. Қазір сол теле-сабақтардың 300-ден астамы дайын. Келесі үлкен бағыт  – радио. Қазақтың қара шаңырағы саналатын Қазақ радиосының үні байланысы жоқ шалғай елді-мекендерге жетіп жатқанын білеміз. Сондықтан Қазақ радиосымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде кесте бойынша радио-сабақ беруді бастамақпыз, – деді А.Аймағамбетов. 

Бөлісу:
Қазақ радиосы да қашықтан оқытуға атсалысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар