Спорт
1 мин оқу 472
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты бір жылға шегерілді
<p style="text-align: justify;">Жеңіл атлетикадан 2021 жылы өтетін әлем чемпионаты Токио Олимпиадасы бір жылға шегерілгеніне байланысты 2022 жылы өтетін болып бекітілді. Бұл туралы World Athletics Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының ресми сайты хабарлады. </p>

Жоспарға сәйкес, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 2021 жылдың 6-15 тамызында АҚШ-тың Юджин қаласында өтуі керек болатын. Алайда келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасы ұйымдастырылады.
Сол себепті екі бәсеке бір-біріне кедергі келтірмес үшін жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатын бір жылға шегеруге тура келген. Ал әлем чемпионатының жаңа уақыты алдағы күндері белгілі болмақ.
Бөлісу: