Руханият
1 мин оқу 260

Карантинде концерт көруге болады

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі карантин режимі&nbsp; мәдени мекемелердің жұмысын тоқтатқанымен, &nbsp;халықтың өнерден қол үзіп қалмауы үшін бірқатар өнер ошақтары &nbsp;өз көрерменін қашықтықтан-ақ ән-жырмен сусындатып отыр. Айталық, Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы өзінің тыңдармандары үшін онлайн концерттер қоюда.</p>

Карантинде концерт көруге болады

Әлеуметтік желідегі ұйымның Instagram және Facebook ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде 30 - наурыз күні Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының әртістері Жігер Саханов пен Жаннат Рақметованың концерті өтті.

Бүгін, яғни 31 - наурыз күні Қазақстанның мәдениет қайраткері Ержан Алимбетовтың "Күй сөйлесін" концерті желі арқылы көрерменге жол тартты.

Игі шара алдағы күндері жалғаса бермек. Тыңдармандар сәуірдің 4 күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің солисі Игорь Благодарныйдың, 12 - сәуір күні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлжан Үзенбаеваның (фортепиано), 15 - сәуір халықаралық байқаулардың лауреаты Еркебұлан Сапарбаевтың (скрипка) концертін тамашалай алады. Басталуы 17:00-де.

Бөлісу:
Карантинде концерт көруге болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар