Коронавирус
1 мин оқу 313
Қызылорда: Бір үйден 8 адамға вирус жұққан
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тіркелген 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Осыған байланысты аудан карантинге жабылып, тиісті шаралар қолға алынды</p>

Осы жағдайға байланысты облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті «Qyzylorda» телеарнасы арқылы мәлімдеме жасады. Облыс әкімі өңірде жалпы індет жұқтырған 18 тұрғынның 388 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталғанын, қазір олардың денсаулығы тексеріліп жатқанын атап өтті.
– Бүгін Жаңақорған ауданында анықталған 8 науқас бір үйдің адамдары болып шықты. Олардың үшеуі 14-ке толмаған балалар. Індеттің одан әрі жайылып кетпеуі үшін жұмыстар жасалынып жатыр, – деді облыс әкімі.
Бөлісу: