Руханият
1 мин оқу 1,245

Көршіңізбен қалайсыз?

<p style="text-align: justify;">Қазағым көршісін құдай&shy;дай сыйлаған. Сый&shy;лай да бе&shy;реді. &laquo;Көрші хақысы &ndash; Тәңір ақысы&raquo;, &laquo;Алыстағы туы&shy;сыңнан жақындағы көршің артық&raquo; деп бекер айтпаған. Небір зұлмат кезеңдерде халқымыз мо&shy;йымай бір түйір нанымен, бір уыс тарысын көршісімен бөле жеген. Қазақтың кең&shy;дігі осында жатыр емес пе?!</p>

Көршіңізбен қалайсыз?

Ал бүгінгі көршілер  бір-бірінің үйіне бас сұқпақ түгілі, амандасуға, хал-жағдай сұрасуға уақыт таба бермейді. Осылайша ата-дәстүріміз аяқ асты болып, көпшіл болуды ұмытып барамыз. Бұдан жүрек қатаяды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет түсінігі жоғалады.

Міне, осы орайда Қазақстан Суретшілер одағы және ArtCom-ның ұйымдастырумен көп­теген іс-шара жүзеге асырылуда. Мә­селен, «Korshiler», «Там, где хо­рошо», «Aul picnic», «Ат­трак­­цион Плэйхаус», «Космос Взаи­модейстие», тағы да басқа жобалар қолға алынғаны қуантады. Бұл шаралардың мақсаты қала өміріне үйренген жергілікті тұрғындардың күнделікті тір­шілігіне өзгеріс енгізу.  Қоғамға керек «New progress»-ті жаң­ғырту. Соның ішінде «Менің көр­шілерім!» «Korshiler», «Там, где хорошо» жобаларының не­­гізін қалаушы Әйгерім Ос­пан­мен аз-кем тілдесудің сәті туды.

«Бұл жобалардың мақсаты – қала тұрғындарының, көр­шілердің тығыз қарым-қаты­нас­та болуына әсер ету. Ата-ана­лардың уақыттары шектеулі болғандықтан, екі жақты тез тіл табыстыру мақсатында балаларын араластырдық. Біз балалармен сурет салып, ойындар ойнадық. Үлкендер бауырсақ пісіріп, дәмін татқаннан кейін барлығының көңілдері көтеріліп, кезекті іс-шарамыз қуанышты леппен аяқталды», дейді суретші А.Оспан. Ата-салтымыздың түп-негізін сақтап, бүгінгі ұрпақтар сабақтастығын әсте дәріптеп жүруіміз тиіс. Өз ауламыздан басталған игі істердің жалғасы баршаға үлгі болуы қажет.

Айым БОЛАТҚЫЗЫ

Бөлісу:
Көршіңізбен қалайсыз? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар