Елорда
1 мин оқу 421

Елорда тұрғындарының оқшаулану деңгейі 4,25 деңгейіне жетті

<p>Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова телеграм каналына жазды</p>

Елорда тұрғындарының оқшаулану деңгейі 4,25 деңгейіне жетті

«Сергек» трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71%-ға азайғанын көрсетеді.

Салыстыру үшін «Сергек» жүйесінің карантинге дейінгі және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды.

«Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш – 0,5 баллға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезде – 4.6 баллға жететін. Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және тағы басқа қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал 4,5-ға теңесуі мүмкін» деп жазады М.Бектұрова.

Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілді. Осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болайық!

Бөлісу:
Елорда тұрғындарының оқшаулану деңгейі 4,25 деңгейіне жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар