Аймақтар
1 мин оқу 180

Көкшетауда дезинфекция жұмыстары баяу

<p style="text-align: justify;">Коронавирус дертінің алдын-алу мақсатында облыс орталығындағы қоғамдық орындар жаппай дезинфекциялануда. Әйтсе де, арнайы техника мен мамандардың жетіспеушілігі қазірдің өзінде&nbsp; айқын сезіліп отыр.</p>

Көкшетауда дезинфекция жұмыстары баяу

Облыс орталығын дезинфекциялау жұмыстары осыдан бір апта бұрын басталды. Осы уақыт ішінде небары айналдырған 8 көше мен 40-тан астам аялдамаға санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліпті.

–7-ші күн болды. Дихлоринмен тазарту жүргізілуде. Аялдамалар, жол жиегі, қоқыс жәшігінің маңайы, адамдар көп жиналатын қоғамдық орындар дезинфекцияланып жатыр, – дейді «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнының жұмысшысы Анатолий Выховский.   

Орталық саябақ, көшелер, ойын алаңқайлары, жаяу жүргіншілер жолы мен қоқыс жәшіктерінің төңірегі де басты назарда. Ал, бар қаланы қамту оңай-оспақ шаруа емес. Күш жетпей ме, әлде ынта жоқ па? Әйтпесе, коронавирустың қаншалықты қауіпті дерт екендігін санамызға сіңіре алмай отырмыз ба?!

– Біз екі машинаның көлемін аламыз. 10 текше метр суға 2 құты ерітінді қосамыз. Аялдамаларға айрықша назар аударылып отыр. Қала ішінде жолаушыларды тасымалдау әлі тоқтатылған жоқ. Бұл іс бір-екі адамның, бір-екі техниканың күшімен ақтарылатын шаруа емес, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Айжарықов.   

Облыс орталығын дезинфекциялауға «Тазалық» коммуналдық кәсіпорнынан екі техника мен екі жұмысшы жұмылдырылған. Бар болғаны осы.   

Бөлісу:
Көкшетауда дезинфекция жұмыстары баяу · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар