Коронавирус
1 мин оқу 230

Алматы: Бүгінге дейін індет 90 адамнан табылды

<p style="text-align: justify;">Мегаполисте індет жұқтырған ең алғашқы адам анықталғаннан бері, 2 сәуірге дейін дерт 90 адамнан табылды. Дегенмен, Алматыда &nbsp;қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жұқтырғаны расталып, сауығып шыққандар саны &ndash; 11 адам.&nbsp;Бұл туралы бүгінгі онлайн-брифингте Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.</p>

Алматы: Бүгінге дейін індет 90 адамнан табылды

Бүгін, 2 сәуірдегі түске дейінгі жағдай төмендегідей: инфекциялық стационарларда Алматы облысының 1 пациентін қоса алғанда, 80 адам емделіп жатыр, оның ішінде 1 бала бар.

68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).

Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.

Жаңадан КВИ жұқтырғандармен байланыста болғандар табылған және оқшауланды.

Кеше Алматыда Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды.

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і бала бар.

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і бала.

Үй карантинінде 3853 азамат бар.

Бөлісу:
Алматы: Бүгінге дейін індет 90 адамнан табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар