Тілсіз жау тағы келді
<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Петропавлдың Суворов көшесіндегі 256 үйден өрт шыққан. Өрт туралы хабар «Өрт сөндіру қызметіне» таңғы сағат жетіде түскен. Дабылын безілдетіп, өртсөндірушілер жеткенде өрттің жалыны сумаңдап жатыр екен.</p>

Жедел іске кіріскен өртсөндірушілер командасының құрамында үш машина мен 12 адам болған. Бұлар Петропал өртсөндірушілерінің №1 және №4 бөлімдерінің жасақшылары еді.
Өрт тез арада сөндірілді. Жалын шарпыған аумақтың көлемі 30 шаршы метр. Сонымен қатар 26 шаршы метрлік веранда мен дүние мүліктер өрттенген. Өрт аумағынан 3 газ балоны табылған. Өрт сөндірушілер олардың жарылуына жол бермей, қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Егер олар жарылған болса өрттің шарпитын аумағы маңайындағы үйлерге жетуі сөзсіз еді.
Өрт таңғы сағат 8-ден 10 минут өткенде толықтай сөндірілді. Зардап шегіп, өлген немесе жараланған адам жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
ПЕТРОПАВЛ