Аймақтар
1 мин оқу 410

Атырау: Бүгін қалаға кіріп-шығуды шектеу күшіне енді

<p style="text-align: justify;">Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің&nbsp; мәліметінше, карантин кезінде қоғамдық қауіпсіздікті, &nbsp;қала аумағындағы уақытша шектеулер талабының &nbsp;сақталуын қамтамасыз етуге&nbsp;&nbsp; 674 қызметкер жұмылды. Оның ішінде ішкі істер органдарының 500 қызметкері, Ұлттық ұланның&nbsp; 94 әскери қызметшісі, Қорғаныс министрлігінің 80 қызметкері бар. Сондай-ақ бұл шара үшін 68 автокөлік бөлінген.</p>

Атырау: Бүгін қалаға кіріп-шығуды шектеу күшіне енді

- Прокуратура жанынан құрылған мобильдік топтар қала аумағында төтенше жағдай режимін бұзу фактілерін анықтайтын болады. Осыған орай халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрғындарды карантиннің барлық талабын сақтауға шақырамыз, - дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Атырау қаласының 4 бағытына қойылған блок-бекеттің жұмысын үйлестіруге ішкі істер органдарынан – 48, Қорғаныс министрлігінен 56 қызметкер қатысуда.  Олар 12 арнайы автокөлік пайдаланады.

Жұмасат ҒАЗИЗ

Бөлісу:
Атырау: Бүгін қалаға кіріп-шығуды шектеу күшіне енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар