Мұғалімдерге еркіндік берілуі керек
<p style="text-align: justify;">Бұл жөнінде Білім және ғылым министрінің орынбасары «Қашықтан білім беру: IV тоқсанға қатысты басты мәселелер» атты брифингте хабарлады. </p>

Қашықтан оқыту орта білім беру ұймдарының педагогтарына үлкен тәжірибе болып тұрғаны белгілі. Осы орайда республиканың әр аймағынан түрлі міндеттеулер туралы мұғалімдердің сұрағына Шолпан Каринова жауап берді
– Қашықтан оқытуды жүргізудің әдістері, жұмыс ауқымы өте кең. Сондықтан мұғалімді түрлі міндеттеулермен шығармашылығын шектеуге болмайды. Мектеп әкімшіліктері мен директорларын мұғалімдерді жүктемені жөнсіз көбейтпеуге шақырамыз. Сондай-ақ міндетті түрде онлайл режімде сабақ өтуді де міндеттемеген дұрыс. Әлбетте балалар ұстаздарын сағынады, осындай жаңдайда ең болмаса аптасына бір рет тікелей эфирге шығуға болады, – деді вице-министр.