Аймақтар
1 мин оқу 131

Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық індеттің таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы &laquo;Toyota Corolla&raquo; маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген.&nbsp;Оқиға 1 сәуір күні болған.</p>

Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарынсыз блок-бекетінен өткізбей шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған. Күдікті кінәсін мойындап, ҚР ҚПК-нің 128-бабымен Тараз қаласының полиция басқармасына уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

«Ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 379-бабы (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау) және 380-бабымен (билік өкіліне қарсы күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», делінген Жамбыл облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар