Төлем алуға – Telegram-бот
<p style="text-align: justify;">Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайлар кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рә­сімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосады. Бұл туралы Пре­зидент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.</p> <p style="text-align: justify;"> </p> <p style="text-align: justify;"> </p>

«Ең бірінші, мәліметтеріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Бар болғаны үш баған: аты-жөні, ЖСН және карта шоты. Дос, таныс емес, өзіңіздің жеке шотыңызды көрсету керек. Өйткені әлеуметтік төлемді тағайындауда сіздің тегіңіз карточка иесімен салыстырылатын болады», деді министр.
Telegram-бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
